+7 (777) 233 20 20

Жанкешті күрес пен бұрын-соңды болмаған көштің хикаясы

1948 жылы жиырма мыңға жуық қазақтың отбасылары дүние-мүлкін буып-түйіп, қой мен жылқысын, түйелерін айдап, коммунистер басқарған Қытайдың Шыңжаң аймағынан азапты көшін бастады.


Екі жылдан соң жолға шыққан қазақтардың алғашқы санының төрттен бірінен аз тобы ғана әбден титықтап, Шығыс Кашмирге келіп жетті. Олар өте қалжырап, азып-тозса да, нағыз ержүрек адамдар еді. Аман қалғандары осы жерден баспана тапты, бірақ бұл аз ғана уақытқа тынығу болатын. Ержүрек адамдардың көпшілігі Түркияға жетіп, бас сауғалайтын жер тауып, жақсы өмірге жетеміз дегенше басқалары қиын жолда қазаға ұшырады.

БІРІНШІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫҢЫЗ!

КІТАПҚА ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ!

"Аспантау асқан үркін көш" кітабы 

жайында бірнеше дерек

Ең алғаш 1956 жылы жарыққа шыққан

Ағылшын тарихшысы Годфри Лайас қиын жолдан аман шыққан қазақтармен кездесу үшін арнайы Ыстамбұлға келеді. Бұл қазақтардың қытай коммунистеріне қарсы күресіне және Шыңжаңнан шыққан көшке арналған алғашқы еңбектердің бірі. Ағылшын тілінде алғаш рет 1956 жылы Лондонда басылды.

тың тарихи деректерді қамтиды

Коммунистер келгенше дейін қазақтар ағылшын тілін оқығанын білдіңіз бе? Қазақ ортасында батырлар қалай қалыптасты? Алтай үшін күрес қалай жүрді? Жауабын осы кітаптан табасыз.

қазақ тіліне 12 күнде аударылды

Иә-иә, ең алғаш ағылшын тілінде 63 жыл бұрын жарық көргеннен кейін бұл кітап енді өзіміздің оқырман үшін де қолжетімді.

қосымша жаңалық ашу мүмкіндігі

Кітап осымен тоқтамай, ары қарай ізденем деушілер үшін бірнеше құнды деректі қамтиды, олардың ізіне түскендер қазақ тарихы үшін тағы да басқа маңызды жаңалық ашуы мүмкін.

этнографиялық суреттеулер

Қазақтар торуылдарды қалай жасады? Бүркіттерді қолға қалай үйретті? Қазақша краудфандинг қалай жүрді? Осы және басқа да деректерді кітаптан табасыз.

бүгінгі оқиғалармен параллель

Кітапта Қытайда коммунистер билікке келгеннен кейін жергілікті халықтарды қалай "қайта тәрбиелегені" туралы айтылады.

кітаптан үзінділер

Оспанның адамдары оған адал беріліп қызмет етті. Беделді де сыйлы көсемге қатысты қазақтардың арасында осындай әдет жақсы қалыптасқан. Олар оны Бөке батырдың ғана емес, Шыңғысханның нағыз мұрагеріндей көретін. Батыл да өр мінезді, жауына қатыгез де күдікшіл Оспан, ешқашан өзінің қолынан келмейтін істі өзгелерден талап етпейтін. Оның жақтастары Оспанның өзі дұрыс санаған әрекеттен ешқашан бас тартпайтынын түсінетін. Өздерінің тарих сахнасына жарты ғасырға кешігіп келгендерін түсіне қоймады.



Әскери басшылардың бірі болған, қазір Түркияның Девели қаласының маңында тұратын Құсайын Тәйжіден не себептен отанын тастап кеткендігі туралы сұрағанымда, ол былай жауап берді:

- Мал сияқты өмір сүргеннен өлген артық. Мал адамға құдайындай қарайды. Адамның басқаларға осылай қарағаны дұрыс болмайды.



Қалыбектің әйелі Мулия өзінің жігерлігі мен батылдығының арқасында өз бетімен торуыл құра алатын. Коммунистер лагерьге шабуыл жасағанда әйелдерде киіз үйлерді жинауға уақыт болмады, бірақ олар алдымен балаларының, сосын жылқылардың жанына барып үлгерді. Мулия басқаларының артынан еруге жиналғанда, қарбаласта қалып қалған кішкентай балаға көзі түсті. Ер-тоқымының үстінен еңкейіп, баланы бос қолымен ұстап, серіктерінің артынан шаба жөнелді. Бұл уақытта коммунистердің атты әакері олардың артына түскен болатын. Бақытына орай, оған оқ тиген жоқ, бірақ соңында киіміндегі оқ тескен жыртықты көрді.









БІРІНШІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫҢЫЗ!

КІТАПҚА ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ!

КІТАПҚА ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ!

Годфри лайас,

АСпантау асқан үркін көш

5000

теңге

Жылдың асыға күткен кітабы!

Алғашқы оқырмандарының бірі болыңыз!

Екі бірдей қызыл империямен сұрапыл жанкешті күрес хикаясы. Ғаламат дүние!

Айдос сарым

саясаттанушы

Іздеп жүріп тауып оқитын кітап. Рахмет, бауырым!

Арман Шораев

«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы

КІТАПТЫҢ ҮЗІНДІСІН ОҚЫҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

"АСПАНТАУ АСҚАН ҮРКІН КӨШ" КІТАБЫНЫҢ ҮЗІНДІСІН АЛУ ҮШІН АРНАЙЫ ФОРМАНЫ ТОЛТЫРЫҢЫЗ

Ақпараттық серіктестер